Қысқы Олимпиада: Бүгін 9 спортшымыз шығады
Италиядағы Ақ ойындардың он төртінші жарыс күнінде 9 атлетіміз спорттың 3 түрінен бақ сынайды. Сағат 14:25-те фристайл-акробатикадан ерлер арасында іріктеудің бірінші кезеңі өтеді. Бұл сында төрт отандасымыз жарысады. Жүзден жүйрек шыққан алты спортшының қатарына қосылғандары супер финалға жолдама алады. Ал қалғаны екінші іріктеуде сынға түседі. Кешкі 20:25-те сырғы жарысынан әйелдер арасында 1500 метр қашықтықтағы сайыс басталады. Арина Ильященко, Елизавета Голубева мен Надежда Морозова жүлдеге таласады. 00:10-да шорт-тректен әйелдер арасында 1500 метрдің ширек финалы, ары қарай финалдық сайыс өтеді. Оған Ұлттық құрама сапынан Яна Хан мен Ольга Тихонова қатысады. Барлық жарысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Автор
Асылбек Данияр
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04