Кубалықтар күн энергиясын қолдануға мәжбүр
Энергия тапшылығын бастан өткеріп жатқан кубалықтар күн энергиясына бет бұра бастады. Елде жарық ұзақ уақыт бойы болмайды. Оның үстіне дизельмен жұмыс істейтін генераторларды қолдануға отын тапшы. Шешім ретінде тұрғындар күн панельдерін шатырға орнатып, содан қуат алып отыр. Аралдық мемлекет отынның басым бөлігін шетелден импорттайды. Мысалы ұзақ уақыт бойы ел Венесуэладан жететін авиациялық отынға тәуелді болды. Алайда желтоқсанның ортасынан бастап Куба ең жақын одақтасынан шикі мұнай мен мұнай өнімдерінен алудан қалды. Себебі АҚШ Венесуэладан энергетикалық шикізат экспортына тыйым салған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04