Женевада Иран мен АҚШ келіссөзі басталды
АҚШ пен Иран арасында ядролық келіссөздердің жаңа раунды басталды. Шара Женевадағы Оман елшілігінде өтіп жатыр. Алайда келіссөз бетпе-бет емес. Американың арнайы өкілдері Стив Уиткофф мен Джаред Кушнер Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен Оман дипломаттарының көмегімен сөйлеседі. Бұған дейін Оманда өткен келіссөз де осындай форматта болған еді. Вашингтонның Тегеранға қойып отырған негізгі талаптары – уран байытуды және зымыран жасауды доғару. Алайда Иран АҚШ санкцияларды алып тастауға келіссе, өзінің атом бағдарламасын шектеу мәселесін талқылауға дайын, бірақ ракета проблемасын қозғауға қарсы екенін ескертті.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04