ШҚО-да оқушылар онлайн оқып жатыр
Кешеден бері Астана мен Өскемендегі 1-ден 9-сынып аралығындағы оқушылар онлайн оқып жатыр. Өйткені өңірде қатты жел мен қоса қар аралас жаңбыр жауды. Салдарынан көшелердің көбі көктайғақ. Жалпы аймақта соңғы үш тәулікте күн райы сан құбылып тұр. Таулы аудандарда қарлы дауыл соқты. Сондықтан барлық бағыттағы автокөлік жолдары жабылды. Тек кеше түстен бері ғана біртіндеп ашылып жатыр. Жол тазалауға жауапты барлық коммуналдық мекеме күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. «Қазгидромет» орталығы шығыста әлі де ауа райы тұрақсыз болатынын хабарлады. Ал өңірде қаңтардың соңы мен ақпанның басында бір айлық мөлшердегі қар жауып қалды. «Қазселденқорғау» мекемесі қар көшкіні қаупі бар екенін ескертеді.
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04