Нипах вирусы: Шекарада бақылау күшейді
Нипах
вирусына байланысты Қазақстан шекарасында санитарлық-карантиндік бақылау күшейді.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Нипах вирусына
байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына орай, Қазақстанның
мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пунктінде бақылау шаралары күшейтілген.
Вирус тіркелген елдерден келетін азаматтар жіті тексеріледі. Министрлік
медициналық ұйымдардың жоғары дайындық режиміне көшкенін, дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс
құралдары мен дезинфекциялық препараттар қоры жеткілікті деңгейде қамтамасыз
етіліп жатқанын да жеткізді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10