Ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
Еліміздің бірнеше аймағында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Ұсталғандар қару-жарақты сақтау және сату, бопсалау, ұрланған автокөліктерді заңдастыру және басқа да қылмыстарға қатысы бар деп айыпталып отыр. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы арнайы операция барысында іске асты. Ұстау шаралары бір мезгілде Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында өтті.
Қайырлы Ахмет, ҰҚК ресми өкілі:
Операция барысында 20 адам ұсталды, олардың оны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту кезінде күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаты және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04