Өртке қарсы құрылғы 280 адамды аман алып қалған
Жылыту маусымы басталғалы жер үйлерде орнатылған арнайы құрылғы 280 адамның өмірін сақтап қалды. Мамандар қыс басталғалы иіс тию мен улануды алдын алатын осындай 40 мыңнан астам датчик орнатылғанын айтады. Сондай-ақ өрт кезінде қаза тапқан және жарақат алған адамдардың саны азайған. Биылғы жылу беру маусымында 2 мыңнан аса өрт тіркелді. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 8%-ға аз. Жалпы жылыту маусымы басталғалы құтқарушылар 1,3 млн-нан астам тұрғын үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Асқар Төлешов, ТЖМ комитет төрағасының орынбасары:
Қаза болғандар былтыр 118 адам болса, биыл 107 адам. Жарақат алған адамдар саны былтыр 85 адам болса, биыл 79 адам қазіргі кезге. Төмендеп жатыр.
Автор
Айжан Иманғали
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04