Экологияны қорғау конституциялық деңгейде бекітіледі
Экологиялық құндылықтар ата заң деңгейінде бекітілмек. Ауыл партиясы 31-бапқа азаматтардың табиғатты сақтау міндетін енгізуді және 61-бап бойынша экологияны қорғау заңдарын реттеу құзыретін нығайтуды ұсынған еді. Игі бастама Конституциялық комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты. Тіпті қоршаған ортаны қорғау мәселесі басты құжаттың кіріспесінде де айшықталып жазылады. Мақсат – айналаны аялауды мемлекеттің және әр азаматтың ортақ міндеті ретінде конституциялық деңгейде бекіту.
Серік Егізбаев, Мәжіліс депутаты:
Біздің экологиямыз бүлініп жатса, біздің ауамыз, жеріміз, суымыз бүлініп жатса, адам баласының өмірі қандай болады, денсаулығы қандай болады? Сол кезде біздің экономикадағы жетістіктеріміз, құрал-жабдықтарымыз, машиналарымыз - басқа материалдық құндылықтарымыз керек бола ма, болмай қала ма? Адам баласының, адамзаттың денсаулығы дұрыс болмаса, мысалы. Сол себептен біздер осы бағытты ұстанып отырдық.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04