Сенат қару иелеріне талапты күшейтті
Сенат қару иелеріне талапты күшейтті. Енді жеке күзет қызметінде тіркелген қару-жарақ иесінің емес, мемлекеттің қадағалауында болады. Рұқсат мерзімі аяқталды ма – қару мен оқ-дәрі 10 жұмыс күннің ішінде құзырлы органға тапсырылуы тиіс.Талапты орындамағандар үшін шешім қатаң. Қару ұстау құқығынан айырылады. Оларға екінші рет рұқсат қағазы берілмейді. Қазір ішкі істер органдарында есепте төрт жарым мыңға жуық жеке күзет ұйымы тіркелген. Күзетшілер саны 97 мыңнан асады. Жеке күзет ұйымдары полиция қызметкерлерімен тең дәрежеде күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Советбек Медебаев, Сенат депутаты:
Қару-жарақты күзет қызметкерлері заңды түрде пайдалану бойынша оны Мемлекеттік Ішкі істер қызметкерлері қадағалау ретінде жеке күзет қызметкерлері бар, солардың барлығын енді, осы Мемлекет тарапынан қадағалап, оны заңдастырып, құжаттармен, актілермен белгіленіп, сондай жұмыстар атқарылған.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04