Мемлекет басшысы банк қызметі туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы банк қызметі туралы заңға қол қойды. Жаңа құжат бәсекелестікті күшейтіп, нарыққа жаңа қаржылық ұйымдарды тартуды көздейді. Демек, елде банк көбейеді. Ол үшін екі түрлі лицензия енгізілді. «Базалық» және «әмбебап». «Базалық» лицензияны алу үшін банктің капиталы кемінде 10 млрд теңге болуы керек. Мұндай банктер кіші және орта бизнеске несие бере алады. Ал «әмбебап» лицензия үшін қаржы ұйымының қазынасында 100 млрд теңге жиналуы тиіс. Олар тұрғындарға несие береді. Депозит те қабылдайды. Ислам банктерін ашу да осы заңда қарастырылған.
Арман Омарбеков, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігі департамент директорының орынбасары:
Бүгінгі күні Қазақстанда екі Ислам банкі жұмыс істейді. Ал олардың банк жүйесіндегі үлесі 0,5 пайыздан аз. «Исламдық терезе» моделі қызметтер ұсынысын ұлғайтуға, бәсекелестікті арттыруға және елдік исламдық қаржыландыруды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04