Маңғыстауда айдалаға қоқыс төккендерге айыппұл салды
Маңғыстауда елді мекендердің айналасына құрылыс материалдары мен тұрмыстық қатты қалдықтарды төгіп кеткен 25 тұрғынға айыппұл салынды.
Аймақта қоршаған ортаны ластап, қоқыс тастайтындар азаймай тұр. Былтыр 61 заңсыз қоқыс орны анықталып, ол аумақтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлі күнге дейін тазартылып жатыр. Сонымен қатар, былтыр қоршаған ортаға зиян келтіру дерегі бойынша, 22 мыңнан астам адамға әкімшілік шара қолданылып, 109 млн теңге айыппұл салынған.
Ғалымжан Тоқтарбаев, облыстық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:
Облыс көлемінде 22 мыңнан астам әкімшілік жауапкершілікке тұлғаларды тарттық. Сонымен қатар 27 ауыр жүк көліктерін ұстап, оның 25-і айыптұраққа қамалған болатын. 505-бап бойынша, яғни қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 16 мыңнан астам адамға хаттама толтырылған болатын.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04