Жоғалған отбасы: 2 адамның мәйіті табылды
Атырау облысы Қызылқоға ауданында жоғалған отбасының екі адамының мүрдесі табылды. Полицияның мәліметінше, 1959 және 1961 жылы туған ерлі-зайыптылардың денесі ауладағы сарайға көмілген. Ізін білдірмеу мақсатында үстіне жатын жиһазын қойып кеткен. Қазіргі таңда бұған қатысты адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Нұрхат Оразбаев, Облыстық ПД бастығы:
Күдіктілердің жеке басы анықталды. Қазіргі таңда оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары тиісті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттың тек ресми дереккөздеріне сүйенуге және расталмаған әрі жалған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10