«Таза Қазақстан»: Елордалық еріктілер қарттарға көмек көрсетті
Елордалық еріктілер қарттарға көмек көрсетіп жатыр. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жеке тұрғын үйлердің ауласын тазалап, қарын күреп, үй шаруасына да қол ұшын созуда. Бұл акция дәстүрге айналған. Халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған. Еріктілер мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қарым-қатынасын жетілдіріп, өзара көмек және ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі деп санайды.
Дарина Кереева, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктісі:
Біз бұл акцияны жыл сайын, көбіне қыс мезгілінде өткіземіз. Себебі қар жауады, ал егде жастағы адамдарға оны тазалау қиын. Біз тек физикалық көмек көрсетіп қана қоймай, олармен әңгімелесіп, хал-жағдайын сұраймыз. Өйткені қарт кісілерге психологиялық қолдау да өте маңызды.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04