Жаңа заңдар: Алдын алу, қауіпсіздік, азаматтардың құқықтарын қорғау
Бүгін Президент мемлекеттік саясаттың «Заң және Тәртіп» іргелі қағидатын практикалық тұрғыда одан әрі іске асыруға бағытталған бірқатар заңға қол қойды. Осыған байланысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм арнасында жазба жариялады. Оның сөзінше заңнаманы жетілдіру қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталып отыр. Мәселен құқыққа қайшы келетін контентті, оның ішінде ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдарды орналастырып, таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу қарастырылған. Сонымен қатар қоғамдық орындарда тұлғаның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешек кигені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауға қатысты жаңа шаралар енгізу де көзделген.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10