2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке куәлік тегін беріледі
2026 жылдан бастап жеке куәлік тегін беріледі. Енді азаматтар құжатты алғаш рет алса ,я оның қолдану мерзімі аяқталған соң ауыстырса, қызмет үшін ақы төлемейді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің өкілдері мәлімдеді. Бастама құжат рәсімдеу тәртібін жеңілдетуге, қаржылық жүктемені азайтуға бағытталып отыр. Жалпы, айлық есептік көрсеткіштің 3932 теңгеден 4325 теңгеге өсуіне байланысты келер жылы бірқатар құжаты рәсімдеу қымбаттайды. Атап айтсақ, 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттен тұратын паспорттың құны 15 728 теңгеден 17 300-ге өседі. 36 беттік төл құжаттың бағасы 34 600 теңге, 48 беттігі 51 900 теңге болады. Ал жүргізуші куәлігін азаматтар 5406 теңгеге рәсімдей алады.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10