Парламентаризм институтының Еуразиялық форумы басталды
Бүгін Астанада Парламентаризм институтының Еуразиялық форумы басталды. Шара Парламент мәжілісінде өтіп жатыр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Жалпы, биыл Парламентаризм институтының құрылғанына 5 жыл толып отыр. Соған орай, «Парламентаризм: құқықтық негіз, даму жолы және болашақ келбеті» тақырыбында Еуразиялық форум басталып жатыр. Оған Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, отандық және Орталық Азия елдерінен, Ресей мен Беларусьтен келген жетекші сарапшылар қатысып жатыр. Іс-шара барысында парламентаризмнің конституциялық-құқықтық негіздері, реформалар жағдайындағы парламенттік институттардың эволюциясы, сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер, цифрландыру сияқты мәселелер талқыланады. Жиын енді басталды, маңызды мәлімдемелер мен ақпараттар енді айтылады деп ойлаймыз. Алдағы шығарылымдарда кеңінен тарқатып айтамыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04