Оралда бес бала газдан уланып, ауруханаға түсті
Оралда 5 бала табиғи газдан уланып, ауруханаға түсті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға болғанын растады. Алайда, 112 қызметіне ата-анасынан шақыру түспеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бесеуі де бір үйдің балалары. Қазір олар облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, «жағдайлары қанағаттанарлық». Ал балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханаға түскен. Хәлі орташа ауыр. Көпбалалы отбасы жалдамалы жерүйде тұрған. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10