Энергетикалық тұрақтылық – экономиканың басты тірегі
Энергетикалық тиімділікті арттыру халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді. Ал энергетикалық қауіпсіздіктің басты қағидаты – тұрақтылық. Сала мамандары осындай пікірді алға тартады. Атап айтқанда, қуат резервтерінің жеткіліктілігі, энергия жеткізу жылдамдығы, шығындардың аз болуы және электр энергиясының үздіксіз берілуі маңызды. Осы талаптар толық орындалған жағдайда біріккен энергетикалық жүйелер тиімді жұмыс істейді.
Ғалия Бөлшекбаева, Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің оқытушысы:
Тапшылықты жою - негізгі мәселелер. Алдымен электр желісін жаңарту және де жылу электр станциясын модернизациялау. Әрине энергия тиімділікті арттыру, одан кейін үнемдеу. Осының барлығы қолға алынса, тапшылықты жою аламыз.
Мұхит Асқарұлы, Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің оқытушысы:
Қазіргі таңда атом электр станцияларын салумен қатар, күн, жел, су станцияларын салу жоспарларын да параллельді жүргізуіміз керек. Себебі көрші мемлекеттерге энергетикалық тәуелділіктен осы іс-шаралар бізді құтқарады.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10