Астанада үш жастағы қыздың өліміне қатысты сот жалғасып жатыр
Астанада үш жастағы қыздың стоматологиядағы өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін жарыссөз басталар алдында айыпталушы тараптың адвокаты судьяны ауыстыруды сұрады. Айтуынша, істі қарап жатқан судья процесте бейтараптық танытпаған. Айыпталушы анестезиолог өз қорғаушысының ұстанымын қолдады. Ал прокурор шағымды негізсіз деп санап, нақты дәлел келтірілмегенін айтты. Өтініш қанағаттандырылмады. Тараптар жарыссөзге көшеді.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 2024 жылдың 30 қазанында болған. Үш жастағы қыз
жекеменшік тіс емханасында тіс емдету кезінде наркоздан оянбай қалған.
Дәрігер бір мезетте 18 тісті емдеуге шешім қабылдаған.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04