30 университет ЖИ бойынша студенттерді оқытып жатыр
Қазақстанда 30 университет жасанды интеллект бойынша студенттерді оқытуда. Жастар 38 білім беру бағдарламасы бойынша ақылды техника меңгеруде. Қазірдің өзінде 570 мыңға жуық студент AI бағдарламасы бойынша оқып, білімдерін жетілдірді. Жалпы биылғы оқу жылында 93 мыңнан аса білім гранты бөлінді. Оның 77 мыңы бакалавриатқа, 13 мыңнан астамы магистратураға, ал докторантураға 3 мыңға жуық грант үлестірілді. Биыл 15 жатақхана пайдалануға берілді. Ол 6 мың орынға лайықталған. Сондай-ақ Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея және Ресейдің жетекші университеттерінің 9 филиалы ашылды. Қазір Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы студенттерді оқытып жатыр.
Автор
Самал Қабышева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04