Ардагерлер сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады
Сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық бірлестіктер де атсалысады. Күні кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері кеңесінің конференциясы өтті. Жиында адалдық мәдениетін қалыптастырудағы Ардагерлер кеңесінің рөліне ерекше мән берілді. Тәлімгерлікті дамыту мәселелері де талқыланды.
Шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қатысты. Конференция қорытындысы бойынша тараптар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін нығайту бағытындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды.
Сәлімбай Шунeев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің республикалық ұйымының төрағасы:
Осы ұлттық сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында біздің ардагерлердің рөлі стратегиялық маңызы бар деуге болады. Себебі біздер 20–30 жыл жиналған тәжірибенің иегеріміз. Қазіргі уақытта маңыздысы - заңбұзушылықты тоқтату ғана емес, оның алдын алу.
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04