Президент таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады
Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады. Ол таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атанды. «Бейбарыс Қабыланды Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Африка құрлығында өтіп жатқан жарыста финалға дейін Үндістан мен Түркия, Иран спортшыларын тізе бүктірді. Ал ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді ұтты. Бұл оның мансабындағы ең ірі жеңіс.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04