Азияның оңтүстігі мен шығысында жаңбыр көбейеді
Соңғы күндері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда талай адамның өмірін қиған тропикалық дауылдар алдағы уақытта да жиі қайталанбақ. Себебі жаһандық климат өзгеріп жатыр. Мұны Женевада өткен баспасөз конференциясында Дүниежүзілік метеорология ұйымының өкілдері мәлімдеді. Олардың сөзінше, температураның көтерілуі жауын-шашындарды көбейтеді. Өйткені жылы атмосфера ылғалды молырақ ұстайды екен.
Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Индонезияда, Таиландта, Малайзияда, Шри-Ланкада төпелеп жауған жаңбыр тасқын мен лай көшкініне ұласып, 1300-ден астам адам қаза тауып, мыңшақты тұрғын жоғалып кетті.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04