Қырғыз делегациясы Қазақстанның озық тәжірибесін үйренуде
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыс тағы да нығая түсті. Алматыға Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов бастаған делегация келді. Сапардың негізгі мақсаты - елімізден түрлі салалар бойынша тәжірибе жинақтау. Бішкек өкілдері білім беру және медицина нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ Қазақстандағы жастар саясаты мен креативті индустрия саласы бойынша да тәжірибе алмасты. Мамандардың айтуынша, бұл кездесудің қос тарапқа да пайдасы зор.
Гүлісхан Нақбаева, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
Креативті кәсіпкерлермен жұмыс жасағысы келеді. Сондықтан біздің де арнайы өкілдеріміз Қырғызстанға барып келеді. Себебі, креативті индустрия - ол кәсіпкерлік. Шығармашыл жобаларды халықаралық дәрежеге шығару ол - басты мақсатымыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04