БҰҰ Бас хатшысын сайлау ресми түрде басталды
Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа бас хатшысын таңдау процесі ресми түрде басталды. Халықаралық органға мүше елдер қорытындысын 2027 жылы қаңтардың 1-де жариялауы тиіс. Бұл туралы хатты 15 мемлекеттен тұратын Қауіпсіздік кеңесі мен 193 ел кіретін Бас ассамблея әзірледі.
Қазір дүниежүзілік ұйымды Антониу Гутерриш басқарып отыр. Ал оның орнына кандидат ретінде жарияланған есімдер қатарында Чилидің экс-президенті Мишель Бачелет, Коста-Риканың бұрынғы вице-президенті Ребека Гринспан және аргентиналық дипломат Рафаэль Гросси бар.
Дегенмен болашақ үміткер Қауіпсіздік кеңесіндегі вето құқығына ие бес ел, яғни АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай және Франция келіскенде ғана аталған постқа сайлана алады.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04