Пешаварда жанкештілер өздерін өздері жарып жіберді
Бүгін Пәкістанда үш жанкешті әскерилердің штаб-пәтеріне шабуыл жасады. Соңғы мәліметке қарағанда, үш адам қаза тауып, бесеуі жараланған. Оқиға Пешавар қаласында болды. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, бір лаңкес негізгі қақпаның алдында бомбаны іске қосқаннан кейін қалған екеуі мекеменің ішіне енген. Әзірге ешқандай қарулы топ мойнына жауапкершілік алған жоқ. Бірақ өткен айда Пәкістан мен Ауғанстан күштері шекарада қақтығысқаннан кейін аймақта осындай шабуылдар жиілеп кетті. Пәкістан сол оқиғалар үшін ауған тәліптерін айыптады. Алайда Кабул тағылған кінәні мойындамай отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04