Азық-түлік өндірісі 9 пайызға өсті
Ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты былтырғыдан 4 млрд 700 млн долларға дейін өсті. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін биыл 25 мыңнан астам техника сатып алынды. Нәтижесінде тозығы жеткен тракторлардың үлесі 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді. Президент саланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударды.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Өсім 5,4 пайыз болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл өте жақсы көрсеткіш. Азық-түлік өнімділігі 9 пайызға өсіп, 3,1 трлн-ға жетті. Егін жинау сәтті аяқталды. 27 тонна қамбаға құйылды.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04