Қазақстанда өндірілетін күнбағыс майы Өзбекстанда үлкен сұранысқа ие
Көрші мемлекет өнімнің шамамен 65 пайызын бізден сатып алады. Мұнан бөлек, рапс пен соя дәндеріне де қызығушылық жоғары. Тек былтырдың өзінде Қазақстан Өзбекстанға экспортталатын күнбағыс майының көлемін төрт есеге арттырған. Айта кетейік, былтыр жыл соңында оңтүстік көршіміз күнбағыс тұқымын шетке шығаруға салынған тыйымды алып тастады. Ал, Қазақстанның бизнес қауымдастығы сыртқа сатылатын өнім көлемін арттыра түсуді көздейді. Орталық Азияда, оның ішінде өзбек елінде халық санының жыл санап өсіп келе жатқаны бұған өз әсерін тигізіп отыр.
Александр Яшков, Қазақстанның май өнімдерін өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры:
Біздің шаруалар күнбағыс алқаптарын молайтуға ынталы. Әлемдік нарықта майға деген сұраныс артып келеді. Қазақстан өсімдік майын өндіретін әлемдегі ірі үш мемлекеттің қатарына қосылуға ниетті. Оған біздің мүмкіндігіміз жетеді.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04