Қызылордада экосабақтар өткізіліп жатыр
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында балабақша мен мектепте экосабақтар өтіп жатыр. Бұл бастаманы Қорқыт ата университетінің оқытушылары мен студенттері қолға алды.
Экосаябақта күнделікті тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинаудың маңыздылығы айтылып, қайта өңдеуге келетін қоқыстарды балаларға кеңінен түсіндіреді. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен мектептерге арнайы экобокстар қойылып жатыр. Университет жанынан құрылған Ecolife клубының белсенділері келешекте сұрыпталып жиналған қалдықтарды қайта өңдеуге басымдық бермек.
Светлана Қожамбердиева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы:
Бұл алғашқы мектеп емес. Екінші мектеп. Біз 233 мектепте және «Сыр қамқоры» балабақшасында акцияны өткізе бастадық. Енді біздің акциямыз мамыр айына дейін жалғасады. Келер жылға Қызылорда облысының мектептерін қамтуға шығамыз.
Автор
Әділбек Серікұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04