Парламентаралық Ассамблеяда Қазақстан ұсынған заң мақұлданды
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысында «Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң» мақұлданды. Бұл құжат Достастыққа мүше елдердің арасында үлгі ретінде бекітілді. Осы жолы Душанбеде өткен жиынға парламент басшылары мен депутаттары қатысты. Қазақстандық делегацияны Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастап барды. Отырыста саяси-экономикалық ықпалдастықты кеңейту жайы қаралды. Сондай-ақ заң шығару процесін жетілдіру үшін әр мемлекет тәжірибесін бөлісті.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазан айында ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесінде атап өткендей: «Біздің мақсатымыз ортақ – Достастықты жасампаздық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің кеңістігіне айналдыру». Сондай-ақ мұндай қадам дәстүрлі мәселелерден бөлек, жасанды интеллектіні реттеу, цифрлық құқықтарды қорғау және басқа да көптеген өзекті мәселелерді қамтиды.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04