ЖИ рентгендегі радиацияны азайтады
Жасанды интеллект компьютерлік томография кезінде адам ағзасына түсетін ультра күлгін сәулелерді азайтып, диагностика дәлдігін арттыра алады. Бұл туралы IV Ұлттық респираторлық медицина конгресінде айтылды. Отандық және шетелдік мамандар респираторлық, яғни адамның тыныс алу жүйесін зерттейтін әрі емдейтін саланың өзекті мәселелерін талқылады. Форум барысында заманауи технологиялар мен диагностиканың жаңа тәсілдері сөз болды. 3 күнге жалғасатын жиынға бүгін 500-ге жуық адам қатысты. Сессияларға онлайн қосылып жатқандар да бар. Сондай-ақ медициналық жабдықтар мен фармацевтикалық компаниялар көрмесі ұйымдастырылды.
Саттар Ералиев, пульмонолог:
Бұл әрине, үлкен жетістік. Яғни науқастарды, біріншіден, компьютерлік томографияға түсіреміз де ренгтенге қарағанда өте анық, нақты нәтиже аламыз. Екінші жағынан, оның жаңағы сәулелендіру зияны кәдімгі рентгенмен бірдей. Мына ЖИ бірден дәл процентін шығарып береді. Міне, өкпе эмфиземасы ма? Өкпенің мынанша процентін зақымдады. Өкпе фиброзы ма? Міне, мынанша процентін зақымдады деп.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10