Николя Саркози түрмеден шықты
Париж соты Николя Саркозиді мерзімінен бұрын түрмеден босату туралы шешім қабылдады. Экс-президент аппеляциялық шағымы қарастырылғанға дейін еркіндікте болады. Оған Франциядан шығуға, куәгерлермен және Әділет министрлігінің шенеуніктерімен сөйлесуге тыйым салынды. Саркози түрмеде 20 күн отырды. Оны шығаруға әйелі Карла Бруни келген. Ерлі-зайыпты жұп полиция кортежімен Париждің 16-шы округындағы үйіне барды. Экс-президент сайлау науқанына қаржы тарту үшін Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафиден миллион еуро алу ісі бойынша қылмыстық топқа қатысы бар деп танылған еді. Сол үшін сот Саркозиді 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04