Премьер-министр бірнеше өңір әкімін сынады
«Алматы-1» вокзалын жаңғырту тым ұзаққа созылып кетті. Сондай-ақ Ақмола, Жетісу, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында да жұмыстар өте баяу жүріп жатыр. Осылай деген Премьер-Министр бүгін аталған өңір әкімдерін сынға алды. Олжас Бектенов биыл теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары басталғанын, қысқа мерзімде мердігерлер айқындалғанын, оларға да, әкімдіктерге де қолайлы шарттар жасалғанын алға тартты. Бір сөзбен айтқанда Үкімет осы міндеттің уақтылы орындалуы үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдады, алайда әкімдіктердің құрылыс барысына бақылауды босаңсытып алған. Құрылыс сапалы жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс, - деді Олжас Бектенов.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04