Отандық стартаптарға бағыт-бағдар беретін платформа
Көптеген стартаптар, яғни өнертапқыштар мен IT-мамандар жасаған жаңа жобалар сәтті жүзеге асу үшін олардың жол картасы дұрыс қойылуы керек. Елде дәл қазір осы бағытта жұмыс істеп жүрген Pul.vc платформасы бар. Ол стартаптарға бағыт-бағдар беріп, қажет болса мамандармен қамтамасыз етеді. Жоба авторларының идеяларын нарыққа бейімдеуге және даму стратегиясын дұрыс құруға көмектеседі. Сондай-ақ стартапшылар тәжірибелі менторлардан кеңес алып, инвесторлармен байланыс орната алады.
Бағлан Олжабаев, IT-маман:
Біз онымен жұмыс істеп, жол картасын береміз. Керек болса маман береміз. Калифорнияда Silk Road Innovation Hub бар. Біздің қазақстандықтар ашқан. Солармен де жұмыс істеп, тәжірибе алмасқаннан кейін біздің стартаптар оларға бара алады. Қазір бәрі дамып жатыр. Бір 10-15 жылдың ішінде Қазақстан екінші Сингапур болуға лайықты. Мемлекет тарапынан миллиардтаған гранттар беріліп жатыр.
Айта
кетейік, бүгінде Pul.vc дәл осы форматта жұмыс істейтін Орталық Азиядағы жалғыз
венчурлік билдер. Мұндай модель АҚШ, Сингапур және Еуропа елдерінде кеңінен
дамыған.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10