Филиппин аралдарының солтүстігіне «Фунг-вонг» жойқын тайфуны соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, екі адам қаза тауып, миллионнан астамы эвакуацияланған. Жауындатып жеткен дауылдан талай елді мекенді су басып, ағаштар құлап, электр сымдары үзілді. Жергілікті авиация агенттігі хабарлағандай, 400-дей әуе рейсі доғарылған. Желдің жылдамдығы сағатына 230 шақырымға жетіпті. Бұл – Филиппинге биыл зардап әкелген 21-тайфун. Өткен аптада «Калмаэги» тайфунынан осынау архипелагта 224, Вьетнамда 5 адам мерт болған еді.
Филиппин аралдарының солтүстігіне алапат тайфун соққы берді
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04