Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар лицензиясынан айырылады
Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бүгін Мәжілісте тиісті заң екінші оқылымда мақұлданды. Енді барлауға рұқсат етілген аумақтар заң жүзінде бекітіледі. Арнайы карта жасалмақ. Онда барлық елді мекен, ұлттық парктер, қорықтар да көрсетіледі. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, бұл пайдалы қазбаларды ұрлықтан қорғаумен қатар, инвесторларды тартуға көмек береді.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Әлі табылмаған байлық бар. Бізде 15 провинция болса, соның бесеуі ғана жақсы зерттелген. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасақталған дүние. Себебі біз осы салада жаңа технология қолдануымыз керек, соған ынталандырып жатырмыз.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04