Салық органдары бақылауды күшейтеді
Микроқаржы ұйымдарынан қарыз алғандар салық органдарының бақылауына ілігеді. Енді кредиттік бюролар Мемлекеттік кірістер комитетіне несиесі бар азаматтардың деректерін жібермек. Осылайша, Үкімет азаматтардың кірісі мен шығысы жайлы толық ақпарат алып отырады. Бұл салықтан жалтарып жүргендерді анықтап, көлеңкелі бизнеске бақылауды күшейту үшін жасалып отыр. Ақпарат «Смарт Дата Файнанс» базасында өңделеді. Мемлекеттік кірістер агенттігінің айтуынша, жүйе жеке деректердің таралып кетуіне жол бермейді.
Ұлдана Сүлеймен, ҚМА кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы:
Мұндай ақпараттарды алу салық органдарына камералдық бақылауды жедел жүргізуге және қаржылық операциялардың ашықтығын арттыруға және табыс пен мүлкін бақылау жүйесін күшейтуге мүмкіндік береді.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04