ІІМ: Әлеуметтік желіде жауапкершілік бар
Хайп болды, оның соңы айып болды! Жуырда «Маған пәтер сыйлашы» деп Астанадағы сауда орталығында жартылай жалаңаш жүгірген жігіт 15 күнге қамалды. Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта әлеуметтік желілерде осыған ұқсас жат қылықтар белең алғанын хабарлады. Сондықтан лайк немесе түрлі байқаулар үшін жасалған арандатушылық әрекеттердің барлығына жауапкершілік барын ескертті. Әсіресе жастар жағын теріс трендтерге ермеуге шақырып отыр.
Шыңғыс Алакешев, ІІМ ресми өкілі:
Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, көпшілікке құрметсіздік көрсету, ар-ұятқа жат қылық. Қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейді. Заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10