Joltap жобасы арқылы 36 000-нан астам астаналық жұмыс табады
Астанада екі жыл бойы жүзеге асып келе жатқан «Joltap» жобасы 36 мыңнан астам қала тұрғынына жұмыс табуға және табысын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Екі жылда 16 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқудан өтіп, 8 мыңнан астамы жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ 1,5 мыңнан астам адам жеке кәсіп ашып, жаңа жұмыс орындары құрылды. Айта кетейік, Joltap жобасына қатысушылар 12 жұмысшы және 7 цифрлық мамандық бойынша тегін оқиды. Бағдарламалар жергілікті бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірленген. Сонымен қатар, жобаның аясында іске қосылған Jumystap.kz платформасы бүгінде 3,5 мыңнан астам жұмыс беруші мен 24 мың үміткерді біріктіріп отыр.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04