Түркияда тұрғын үй құлап, 5 адам үйінді астында қалды
Ыстанбұл қаласының маңындағы Гебзе қалашығында жеті қабатты тұрғын үй құлап, бір отбасының бес мүшесі үйінді астында қалды. Апаттан бірнеше сағат өткен соң 12 және 14 жастағы екі баланың денесі табылды. Тағы біршама уақыттан кейін 18 жастағы қыз үйінді астынан аман-есен шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Балалардың ата-аналарын іздеу жұмыстарына 700-ге жуық құтқарушы жұмылдырылды. Оқиға орнында түні бойы жұмыс істеген құтқарушылар таңға жуық ата-анасының да денесін тапты. 2013 жылы салынған үйдің әзірге нақты неден құлағаны белгісіз. Куәгерлердің бірі бұл апатты үй болған десе, енді бірі осы маңда жүріп жатқан метро станциясы құрылысының кесірінен құлады, деген пікір айтты. Апатқа байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Автор
Айдос Әшімұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10