Өзбекстанда жылу мен ыстық суға төленетін ақы өсті
Өзбекстанда жылу мен ыстық судың ақысы 15%-ға қымбаттайды. Коммуналдық төлем осымен үшінші жыл қатарынан өсіп отыр. Бұған дейін тұрғындар 1 гигакалория/сағат жылу үшін 90 мың сум төлеп келсе, енді бұл сома 140 мың сумға жетті.
Теңгеге шаққанда шамамен 5,5 мың теңге. Тариф қымбаттауының
басты себебі - тозығы жеткен желілерді ауыстыру қажет. Сонымен бірге жылу құбырларын
жаңасына алмастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру керек. Қажетті жабдықтар
мен есептегіш құралдардың жетіспеушілігі жағдайды қиындата түскен. Халықтың
жылу үшін төлейтін ақшасы шығындарды жабуға жеткіліксіз. Сондықтан бұл салаға
мемлекет тарапынан жыл сайын субсидия бөлінеді. Айта кетейік, күн райы қолайлы Өзбекстанда
жылыту маусымы қараша айында басталады.
Автор
Базаркүл Отыншиева
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04