Газа бойынша келіссөздер үшінші күнге ұласты
Мысырдың Шарм әл-Шейх қаласында Газадағы соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздердің екінші күні нәтижесіз аяқталған. Мұны «Би-Би-Си» өз дереккөздері арқылы хабарлады. Тараптар Израильдің Газадан әскер шығару картасына қатысты ортақ пікірге келе алмаған. Бұған қоса «Хамас» атысты тоқтатудың бірінші кезеңінен кейін Израиль Газада соғысты қайта бастамайды деген кепілдікті талап етті. «Хамас» бостандыққа шығарылатын кепілдегі израильдіктер мен палестиналық тұтқындардың тізімімен алмасқанын мәлімдеді. Арағайындар Израиль мен Хамас ұстанымын жақындату үшін барын салып жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп та келісім жасалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз деп мәлімдеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04