Стамбұлда жер сілкінді
Бүгін түстен кейін Стамбұл қаласында жер сілкінді. Қуаты 5 балдық жер тербелісінің ошағы Мәрмәр теңізінің ортасында болған. Стамбұл губернаторының мәліметінше зілзаладан 17 адам жараланған. Олардың барлығы жер сілкінісі кезінде қорқыныштан жоғары қабаттан секіріп кеткен, баспалдақтан құлаған. Зілзала кезінде тұрғындар алаңдар мен саябақтарға жиналып, мектептерде сабақ тоқтатылды. Көшелерде көлік кептелісі көбейді. Дегенмен мамандар апаттан ешқандай ғимаратқа зақым келмегеннін айтты. Жер сілкінісі Мәрмәр теңізінің жағалауындағы бірнеше қалада сезілген.
Автор
Айдос Әшімұлы
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10