Қостанайда қар жауды
Қостанайда қар жауды. Арты жаңбырға ұласып, ауа райы күрт бұзылды. Жолда көлік қатынасы қиындады. Патрульдік полиция бақылауды күшейткен. Жалпы, «Қазгидромет» Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жасады. Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік өңірлерде күн суытып, қатқақ болады. Ауа температурасы түнде +1 +3 градусқа дейін түседі. Жаңбыр жауып соңы қарға ұласады. Ал оңтүстікте жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейінгі жел тұрып, найзағай ойнайды. Батыстағы облыстарда түнде қатқақ болғанмен, жоғары өрт қаупі әлі де сақталып отыр. Шығыста да жаңбыр, бұршақ жауады деп күтілуде.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04