Өскеменде жексенбілік жәрмеңке ұйымдастырылды
Шығыста әр апта сайын барлық аудан мен қала орталықтарында ауыл шаруашылғы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. Ондағы баға жалпы нарықтағыдан 20-25 пайызға төмен. Өткен сенбіде Өскемен қаласында Шемонайха ауданындағы шаруалар өнімдерін саудалады. Кәсіпкерлер өскемендіктерге 2 тоннадан аса өнім әкелген. Жәрмеңкеде картоп пен қызылшаның келісі 200, жуа – 140 теңге, қарақұмық – 220, бұршақ – 200, арпа 150 теңгеден саудаланды. Ал қазір базардағы еттің келісі түріне қарай 4500-5000 теңге болса, жәрмеңкеде 3700-3800 теңгеден саудаланды. Өнімдерін жәрмеңкеге арзан бағамен ұсынатын кәсіпкерлерге облыс орталығынан сауда жасайтын орын тегін ұсынылады. Жалпы, шығыста «Туған жерге-тағзым» акциясы соңғы 3 жылда үздіксіз өтіп келеді.
Автор
Олжас Керейхан
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04