Алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
Қостанай облысында интернет-алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды. 18 жастағы азаматтың үйін тінту кезінде 21 телефон мен 48 SIM-карта табылды. Дропперлер жаңа SIM-карталарды алаяқтарға жеткізіп келген. Ал олар жаңа нөмірлер арқылы жалған аккаунттар ашып, азаматтардың ақшасын айламен алып отырған. Тергеу барысында тағы 15 жасөспірімнің заңсыз әрекеттерге тартылғаны белгілі болды. Шығынның жалпы көлемі 80 млн теңге. Дропперлерге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата-аналары да жауапқа тартылады.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04