«Қайрат» – «Реал Мадрид»: Билет 23 қыркүйекте сатылады
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-де сатылымға шығады.
«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өз алаңында өтетін матчтарға билет сату тәртібін жариялады. Билет құны УЕФА-мен келісіліп, 30 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін саудаланады. Бір жеке сәйкестендіру нөмері (ЖСН) бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі. Сондай-ақ клуб өкілдері желіде билеттің алдын ала сатылымы туралы жалған ақпарат таралып жатқанын ескертіп, жанкүйерлерді сақ болуға шақырды.
Автор
Айдана Қуантхан
Читайте также
Все
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10