Непалда уақытша үкімет басшысы тағайындалды
Непал үкіметін алғаш рет әйел басқармақ. Жоғарғы соттың бұрынғы басшысы 73 жастағы Сушила Карки ант беріп, қызметіне кірісті. Уақытша премьер жемқорлықпен күрескер ретінде танымал. Каркидің кандидатурасын шеру лидерлері ұсынған. Ол Непалдың министрлер кабинетін 2026 жылдың наурызында өтетін сайлауға дейін басқармақ. Елде жаппай шеру апта басында өтті. Оған үкіметтің әлеуметтік желілерге шектеу қоюы түрткі болды. Дағдарыс ушыққан соң, премьер-министр, ішкі істер министрі мен тағы екі ведомство басшысы қызметінен кетті. Қазір елде жағдай тұрақталды.
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04