Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізіліп жатыр. Бүгінге дейін жаңа технологиялардың көмегімен 3 миллионға жуық іс қаралған. Бұл туралы Конституциялық сотта өткен халықаралық форумда айтылды. Жаңа бағдарламаны судьялар даулы сот процестерінде қолдана алады. Яғни өзі қарастырып жатқан материалға ұқсасын тауып, заң үстемдігі жағынан үздік деп танылған елдердің тәжірибесін қарайды. Бұл шиеленіскен жағдайлардың өзінде қателікке жол бермей, тек әділ шешім шығару үшін жасалып отыр. Конференцияда осы бағдарламаны одан әрі жетілдіру жайы талқыланды.
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық Сот төрағасының орынбасары:
Мемлекеттің конституциялық құқық саласындағы ғалымдары қатысуда. Біз Орталық Азия, Африка, Америка елдерімен бірлесе отырып, елімізде құқық үстемдігін қамтамасыз ету тетіктерін нығайтудың жолдарын іздейміз.
Автор
Жанел Өтеулі
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04