Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан әскери академиясына биыл қабылданған курсанттар Отан алдында адал қызмет етуге ант берді.
Биыл жоғары оқу орнына 200-ге жуық талапкер қабылданған болатын. Академия алты мамандық бойынша офицерлерді даярлайды. 9 кафедра, магистратура және қосымша білім беру факультеті жұмыс істейді. Оқу орны құрылған сәттен бері 5 мыңнан аса түлек диплом алды. Олар Ұлттық ұлан, мемлекеттік күзет, шекара қызметі, қорғаныс және төтенше жағдайлар Министрлігі сынды тағы басқа салаларда еңбек етіп жүр.
Әлібек Жұманов, курсант:
Әрбір ҚР азаматына өзінің әскери борышын өтеу өте маңызды деп санаймын. Әскери ант – әрбір азаматтың өмірінде тек бір-ақ рет қабылданады. Сол себептен де бұл өте бір қасиетті сондай бір мереке деп санаймын.
Эльмира Кәленова
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04